Фото: turkystan.kz
Таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы, «6-дан» иегері, Қазақстанда таеквондо федерациясының негізін қалаған әйгілі спортшы Мұстафа Қабенұлы Әбдірахман Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік қазақ халқымен сөйлесу үшін қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
"Қазір мен қазақша үйреніп жатырмын. Мен сіздерге қолдауларыңызға көп рахмет дегім келеді. Бұл мен үшін өте маңызды. Көп нәрсе айтқым келеді. Бірақ тілім келмейді. Сіздермен байланыста болғаныма қуаныштымын. Қазақша үйренемін. Оқуды, жазуды да үйренемін. Қазақстанға қояр сұрағым көп. Бірақ тілім келмей жатыр. Үйренемін, содан кейін сұрақтарымды қоямын", - дейді Неслихан Өзтүрік.
Сондай-ақ халқымен сөйлескісі келетінін айтқан ол "қазақтың тарихы мен даналығы тамырыма жақындатады" дейді.
