Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа партиялардың тіркелуі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қанат Мусиннің айтуынша, тіркеуге үш тарап құжат тапсырып жатыр.
"Олардың арасында "Ел тірегі" және "Байтақ" бар. Бірақ олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылды. Ұйымдастыру тобында әр адамның деректері көрсетілуі керек. Кейбір жағдайларда адамдардың ЖСН сәйкес келмейді, ал кейбір жағдайларда қайтыс болған адамдар ұйымдастыру тобының тізіміне енгізілген. Осы жағдай басқа партиялардың мүшелерінде де кездеседі. Бұл адамдарды заң бойынша тізімнен шығару керек", - деді министр Сенат аясында.