Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында күйеуін пышақтаған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кешкі уақытта қонаққа барған ерлі-зайыптының арасында жанжал шыққан. Анықталғандай, екеуі де отырыс кезінде алкогольді ішімдік ішкен.
Сол кезде әйел адам қолына пышақ алып күйеуінің сол жақ кеудесіне сұғып жіберді. Шұғыл түрде Алтай аудандық ауруханасына жеткізілген 35 жастағы еркек аман қалған.
«Полиция қызметкерлері 25 жастағы әйелді көп ұзамай ұстады. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындаған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.