Шығыс Қазақстан облысында атыс қаруымен аса ауыр қылмыс жасалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство Курчатовта көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен үш ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәліметтер бойынша кінәлі тұлға (марқұмдардың бірі) қылмыс жасағаннан кейін өзіне-өзі қол жұмсаған. Қайтыс болған ер адамдардың жеке басы анықталды. Олардың барлығы – Курчатов қаласының тұрғындары», - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев.
ҚР ҚК 99-баптың 2-тармағы бойынша («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Сонымен қатар, полиция әлеуметтік желілерде жарияланған қала көшелерінде болған оқиға туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.