Құда түсуге формасын киіп барған полиция қызметкері әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қазанда Шу қаласында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы түскі үзіліс уақытында қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген. Бұл іс-шараға ол полиция формасында барған.
"Осындай ерекше күнде нысанды киімде болу мен үшін үлкен мәртебе болды, өйткені мен бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл күн біздің жадымызда мәңгі қалатыны сөзсіз, болашақта мен балаларыма осы тарихи сәтті мақтанышпен көрсететін боламын", - деді жас офицер.
Шу ауданы Полиция басқармасы мәліметінше, ол бұл әрекеті арқылы заң бұзбаған.
"Лейтенант Мамедовтың іс-әрекетінде заңбұзушылықтар жоқ, ол өзінің түскі үзілісін пайдаланған. Қызмет етіп жүргеніне қысқа мерзім болғанына қарамастан, учаскелік инспектор жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды. Ол әріптестерінің құрметіне және өзіне бекітілген әкімшілік аумақ тұрғындарының сеніміне ие болды", - деп атап өтті Шу АПБ бастығы Асхат Алметов.