Ресейдің әскери қолбасшылығы Украинамен соғыста соққы беру үшін суасты флотын қолданғанын алғаш рет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Голос Америки" агенттігіне сілтеме жасап.
29 сәуірде ресейлік Қорғаныс министрлігі Украинадағы жердегі нысандарға "Калибр" круиздік зымырандарымен соққы бергенін, ол Қара теңізде орналасқан дизельді сүңгуір қайықтың бортынан түсірілгенін мәлімдеді.