15 қыр, 2020 сағат 10:42

Нұрділдә Ораз Қуат Хамитовтың даулы видеосына пікір білдірді

Ішкі істер министрлігі қазақстандық спортшы Қуат Хамитовтың атышулы бейнежазбасына пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен спортшы Қуат Хамитовтың видеосына пікір білдіргім келеді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында зорлық-зомбылыққа шақыратын үндеу жариялаған. Бұл заңды өрескел бұзу және қылмыс болып саналады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге шақырады. Заң бұзылған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын есте сақтаған жөн», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифингте. 

Бұған дейін спортшы Қуат Хамитовтың Алматы қалалық Полиция департаментіне жеткізілгені хабарланған еді. 

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.