11 там, 2022 сағат 08:38

Қостанай облысында 5 жасар қыз өлі табылған жерден видео жарияланды


"Наша Газета" басылымының Instagram-парақшасында төрт күн іздестірілген бес жасар Мәдина Ерланқызының мәйіті табылған жерден кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

"Мұнда барлығын қоршап тастаған, тұрғындарды шығарып жатыр. Ана көлік тұрған жерден табылды", - дейді видео авторы. Бұл еріктілердің бірі болса керек.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында 7 тамызда үйінен шығып кеткен 5 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған. Мәдина кеше, 10 тамызда өлі табылды. Іздеу жұмыстарына 500-ден аса полицей, тікұшақтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен шекарадағы әскери қызметкерлер жұмылдырылды.

Мыңдаған адам қызды Жамбыл ауылына іргелес егістік алқаптардан іздеді.