Абай облысы Үржар ауылында зорланған 9 жасар қыз бала Семей қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Жантүршігерлік жағдай өткен аптада болған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, жәбірленушінің анасы түнгі ауысымнан үйіне келгенде қызының үстінен қан іздерін көрген. Қыз баланы зорлады деген күдікпен 48 жастағы көршісі, отбасылы ер адам ұсталған.
Қазіргі таңда ол қамауға алынған. Жәбірленушінің анасы қазір қызы барлық тексеру, емдеу шараларынан өтіп жатқанын айтты.
"УДЗ өтті, тағы бір диагностика наркоз жасау арқылы жүргізіледі. Бөтен адамдардан қатты қорқады, жалғыз қалудан қорқады. Инъекциядан кейін онымен сөйлесу қиынға соқты, ол тіпті мені өзіне жақындатпайды, өйткені қатты қорқып қалған", - дейді қыз баланың анасы.
Телеарнаның хабарлауынша, қыз бала жақын арада Өскемендегі оңалту орталығында психологтардың курсынан өтеді.