08 жел, 2020 сағат 17:53

Коронавирустан кейінгі синдромға қатысты жоба қалай іске асырылады?

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова коронавирустан кейінгі синдром жобасы жайында түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде коронавирустан кейінгі синдром жобасы ашылды. Денсаулық сақтау министрлігімен алдын ала жоспарды пысықтадық. Онда науқастарды қарау, түрлі анализдер, мамандардың консультациялары қамтылды. Жаз айларында сауықтыру іс-шаралары ескерілген болатын, яғни адамдарды оңалту керектігі маңызды болды. Осының барлығы емханаларға тапсырылды. Қазіргі кезде коронавирустан кейінгі синдром нозология ретінде енуі үшін тиісті жобаны пысықтап жатырмыз. Бұл тұрғыда осы нозологиямен адамдар мемлекеттік бюджет есебінен тексеруден өтуі керек. Себебі медициналық тексеруден өту кейде қымбатқа түсетіні анық. Министрлік КВИ-дан кейін адамдар үлкен пробламаға тап болатынын түсініп отыр. Бұл проблемалар барша әлемде талқыланып жатыр», - деді Д. Мырзахметова. 

Осы орайда ол ем-дом, сауықтыру шешімдері уақытылы жасалмаса, онда кейбір науқастар мүгедек болып қалуы мүмкін екенін жеткізді. 

«Қазір тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін, өңірлер үшін әдістемелік нұсқауларды даярлаймыз. Мұндай ковидтен кейінгі орталықтар әр өңірде ашылуы мүмкін. Бұл орталыққа коронавирустан жазылғанымен, проблемаға тап болған әр адам барып, зерттеуден өте алады. Осы орайда ем-дом жүргізуге қатысты кеңес беріліп, оңалту курстарымен қамтылады», - деді дәрігер.