27 сәу, 2021 сағат 10:00

Коронавирусқа шалдыққан 756 науқастың жағдайы ауыр - министрлік


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың хал-ахуалы туралы дерекпен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

27 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазіргі уақытта 42 260 адам коронавирус инфекциясынан (41 861 КВИ+ және 399 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 785 пациент стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 756 адамның жағдайы ауыр;

- 179 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.