Қазақстанда 13 444 науқас коронавирустан емделуін жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 444 адам ем қабылдауын жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр. 9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 232 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 30 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.
Бүгінге дейін коронавирус инфекциясы барлығы 132 348 адамнан анықталды. Оның ішінде 116 863 науқас жазылып шықты, 1990 адам қайтыс болды.