04 мам, 2021 сағат 10:38

Коронавирусқа шалдығу көрсеткіші төмендеп келеді – министрлік


Қазақстанда коронавирусқа шалдығу көрсеткіші біртіндеп төмендеп келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Соңғы үш апта бойы науқастану динамикасы іс жүзінде бір деңгейде сақталып отыр деуге болады. Дегенмен, өткен аптада науқастану көрсеткіші 2 пайызға төмендеді. Ал өлім-жітім көрсеткіші алдыңғы апта деңгейінде сақталып отыр», - деді Денсаулық сақтау министрі. 

Алексей Цойдың дерегінше, тәуекелі жоғары аймақта 9 өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр. Бұл ретте Павлодар мен Жамбыл облысы «қызыл» аймаққа өткен аптада өтті.