29 сәу, 2021 сағат 09:41

Коронавирус жұқтырған 760 адамның жағдайы ауыр - министрлік


Коронавирус жұқтырған 760 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

29 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 526 адам коронавирус инфекциясынан (42 038 КВИ+ және 488 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 709 пациент стационарда, 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 760 адамның жағдайы ауыр;
• 199 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 114 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.