15 шіл, 2022 сағат 13:45

Коронавирус тамыз айында өршиді – министр


Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша жаңартылған болжам жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният алдағы үш айға арналған болжамдар ай сайын жаңартылып отыратынын айтты.

"Пессимистік сценарий бойынша күніне 4 мың науқасқа дейін тіркеледі. Реалистік сценарийде – күніне 2,5 мың науқасқа дейін, ал оптимистік сценарийде – тәулігіне 1 мың науқасқа дейін", – деді ол.

Сондай-ақ министр инфекцияны жұқтырғандардың саны тамыз айында өсіп, қыркүйекте азаятынын айтты.