14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.
Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары «сары аймақта» тұр.
«Жасыл аймақта»: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстары.