Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
26 сәуірдегі мәлімет бойынша:
«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр.«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстары орналасқан.«Жасыл аймаққа»: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
Айта кетейік, 25 сәуірдегі бағалау матрицасында Павлодар облысы - «сары», Шымкент қаласы «қызыл» аймақта тұрған еді.