Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус таралуының жоғары болуына байланысты «қызыл» аймақта қалып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының дерегіне сәйкес, бұған дейін «қызыл» аймақта болған Павлодар облысында ахуал біршама тұрақталды.
Бұл өңір «қызылдан» «сары» аймаққа өтті.
Сонымен қатар «сары» аймақта аталған өңірден басқа Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстары жатыр.
Еліміздің қалған барлық өңірі «жасыл» аймақта.
«Қызыл» аймақта қатаң шектеу шаралары енгізілген.
Ал «сары» аймақта қолданыстағы карантин шаралары сақталып, оларды бақылау күшейтіледі.
«Жасыл» аймақтағы өңірлер үшін шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін.