Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
20 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары аймақта»: Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
«Жасыл аймақта»: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.