29 қараша күні Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ресей, Украина, Қырғызстан және Тәжікстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2 746 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 458 адам, анықтамасыз 288 адам – ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 505 жолаушы, анықтамамен - 1 389, анықтамасыз - 116.
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 232 жолаушы, анықтамамен - 1 060, анықтамасыз - 172;
- Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 9 жолаушы анықтамамен келді», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратында.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 288 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.