22 шіл, 2022 сағат 20:21

Коронавирус балалардың жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін


Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Сәуле Атығаева КВИ-ден қанша бала емделіп жатқанын айтты, деп хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазір үшінші ауруханада 52 бала және модульдік орталықта 14 бала стационарлық ем алып жатыр. Бұл - негізінен бес жасқа дейінгі балалар, одан бөлек, 12-16 жастағылар да бар. Яғни, бұл вакциналауға жатпайтын санаттағы балалар», - деді Сәуле Атығаева орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Сонымен бірге, спикер коронавирустың балаларда қалай өтетінін сипаттап берді. 

«Балаларда іш өту, құсу, жүйке жүйесінің зақымдануы сияқты белгілер болуы мүмкін. Әрине, жүйке жүйесіне зақым келсе ауру қиын өтеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68 бала КВИ-мен ауырып жатыр», - деп атап өтті Сәуле Атығаева.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус ауруы 3,2 есе өскені хабарланған болатын. Соңғы аптада, алдыңғы аптамен салыстырғанда, ауру 2558-ден 8156 жағдайға дейін өскен. 

Нұр-Сұлтан қаласы 21 шілдеден бастап «сары» аймақта, қалған өңірлер «жасыл» аймақта.