27 сәу, 2021 сағат 10:42

Коронавирус: 10 өңір «Қызыл аймақта» қалып отыр


Коронавирусқа қатысты ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

27 сәуірдегі жағдай бойынша: 

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстары тұр. 

«Жасыл аймаққа: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. 

Айта кетейік, коронавирус бойынша ахуалды бағалау матрицасы 26 сәуірмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.