22 мам, 2022 сағат 16:51

Қорғаныс министрлігі қысқы оқу кезеңін қорытындылады



Жуырда Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігінің қысқы оқу кезеңін қорытындылау жөнінде алқа отырысы өтті. Отырыс барысында ел Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясындағы атқарылып жатқан қызметтің қорытындылары шығарылды. Қаралған мәселелер мен алқа отырысының нәтижелері жайында Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары полковник Өтепов Алпамыс Сапаұлы жан-жақты айтып берді, –  деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Қорғаныс министрлігінің алқасы бұл - Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қорғаныс мәселелері Қарулы күштерді дамыту және даярлау мәселелері бойынша алқалы шешім қабылданатын, консультативтік кеңес беретін орган. Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы әдетте жылына екі рет болады. Ол - қысқы және жазғы оқу мерзімі аяқталғаннан кейін.

«Өткен алқа отырысында Қорғаныс министрлігінде келесі мәселелер қарастырылды. Оның ішінде Қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының  жағдайы, жалпы әскери Қарулы күштердің қорытындысы, қысқы оқу мерзімінде әскерлерді техникалық қамтамасыз ету және қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді сақтау мәселелері қарастырылды. Одан кейін Қарулы күштерді тылдық және медициналық қамтамасыз ету мәселелері және әскери инфрақұрылымдық жағдайы қарастырылды. Алқада Қорғаныс министрлігінің орынбасарлары өз бағыты бойынша баяндамаларында нақты талдау жасап, проблемалық мәселелерді көрсете білді. Жалпы айтқанда, қысқы оқу мерзімінде бөлімшелерді тексеріс өткізілді. Ол тексеріс бөлімшелердің жауынгерлік қабілеттілігін тексеру, жұмылдыру және жауынгерлік қабілеттерін тексеру болып есептеледі. Осы өткен кезеңде әртүрлі оқу-жаттығулар өтті. Оның ішінде атап айтсақ, жақында өткізілген стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу «Батыл тойтарыс» болды. Ол жаттығу кезінде біздің офицерлер ұрыстасу тәсілдерін жүргізу бойынша нақты тәжірибе алды. Оның ішінде сол жаттығудың негізінде батальондық-тактикалық топтармен тактикалық жаттығулар өткізілді. Жаттығу кезінде біздің бөлімшелермен әскери техникалармен жорық жасалды. Осы жаттығуда Сақ қорғаны, Танк коруселі тактикалық амалдары жасалынды. «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуы үлкен тәжірибе болды. Президентіміз, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы берген тапсырмаға байланысты үлкен дәрежеде өткізілді деп ойлаймын», – деді Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары полковник Алпамыс Өтепов.

Оның айтуынша, қару-жарақ техникаға келетін болсақ, оның қорытындысы жылдың соңында болады. Одан басқа, техника мен қару-жарақтарды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізінен айтқанда, барлық мақсат-міндеттері қысқы оқу жылына қойылған басты мақсат-міндеттер орындалды деп есептелніп отыр. Сонымен қатар, Алқа отырысында Қорғаныс министрі бірқатар кемшіліктерді де атап өткен.

«Қорғаныс министрі осы уақытқа дейін барлық гарнизондарды аралап шықты. Әр гарнизондағы әскерлердің жағдайын нақты біледі. Взвод, рота, батальон командирлерінің оқу-жаттығу кезінде ұрыс тәсілдерін қолдануда және жорыққа шығу тәсілдерін қолдануда командирлердің қабылдайтын шешімдерінің төмен деңгейде екенін атап өтті. Тәрбие және идеологиялық жұмыстарына байланысты мәселелер айтылды. Жауынгерлік даярлықтың оқу материалдық базаларына тоқталып өтті. Оқу сыныптары, оқу-жаттығу полигондарын сынға алды. Қорғаныс министрі әскери инфрақұрылымдардың жағдайына тоқталып өтті. Оның кемшілігі ретінде айтқандарының ішінде, мысалы, бұл сарбаздардың жататын казармаларының жағдайы және сарбаздардың ас ішетін асханаларының жағдайларын және олардың санитарлық нормаларға келтіруін талап етті.

Қорғаныс министрі Алқа соңында қысқаша қорытынды жасады. Және алдағы жыл соңына дейін келесі тапсырмаларды берді. Оның ішінде бірінші мақсатта жалпы мемлекеттік тапсырма бұл – республикалық референдумды өткізу. Бұл ретте Қорғаныс министрі басқолбасшыларға, қолбасшыларға, бөлім және құрылым командирлеріне нақты тапсырма берді. Екіншіден Қорғаныс министрі Қорғаныс күштерінде тәрбие және идеология жұмыстарын түбегейлі қайта құру туралы тапсырма берді. Жауынгерлік даярлық бойынша оқу-жаттығу сыныптарын, оқу-жаттығу полигондарды, оқу-жаттығу орталықтарын қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Жөндеу және қайта қалпына келтіру бөлімшелерін қолға алуды айтты. Қорғаныс министрі рота шаруашылықтарын қайта қалпына келтіруді және рота старщинасы лауазымын қайта енгізу туралы тапсырма берді. Сонымен қатар, жоғарғы әскери оқу орындарында оқу бағдарламаларын қайта қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар, жыл соңында қорытындыны әскерлерге тек қана оқу-жаттығу форматында тапсырылатыны туралы айтты», – деді Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары полковник Алпамыс Өтепов.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігінің қысқы оқу  кезеңін қорытындылау жөнінде алқа отырысы өтті. Отырыс барысында ел Президенті, Қарулы кКүштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясындағы атқарылып жатқан қызметтің қорытындылары шығарылды. Қаралған мәселелер мен алқа отырысының нәтижелері жайында Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары полковник Өтепов Алпамыс Сапаұлы жан-жақты айтып берді. Қорғаныс министрлігінің алқасы - бұл Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қорғаныс мәселелері Қарулы күштерді дамыту және даярлау мәселелері бойынша алқалы шешім қабылданатын, консультативтік кеңес беретін орган. Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы әдетте жылына екі рет болады. Ол қысқы және жазғы оқу мерзімі аяқталғаннан кейін.