25 сәу, 2022 сағат 16:56

Конституцияға Президенттен басқа лауазымды тұлғаны кіргізудің қажеті жоқ - Бақыт Нұрмұханов


Конституцияға Президенттен басқа лауазымды тұлғаны кіргізудің қажеті жоқ. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері спикерге Үкімет мүшелерінің, әкімдердің жақын туыстарының лауазымды қызметтерге тағайындалуына қатысты Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша сауал қойған еді.

«Конституцияда ең алдымен жоғарғы лауазымды тұлға – Президент туыстарына қатысты шектеу қойылып отыр. Министр, басқа мемлекеттік органдардың басшыларын Конституцияға кіргізудің қажеті жоқ деп санаймын. Өйткені басқа да конституциялық заңдар пайда болады. Сол кезде азаматтар депутаттарға осындай ұсыныс жасауына болады», - деді Бақыт Нұрмұханов.