Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты халықаралық онлайн конференциясы барыснда Кондолиза Райс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Конференция мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің зайырлы мемлекеттің негізін қалап, болашағын қалыптастырудағы тарихи рөлін айшықтау, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау саясатын насихаттау, азаматтық, патриоттық құндылықтарды дәріптеу.
Конференция ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.
Шараға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәлен Әшімбаев, БҰҰ –ның бұрыңғы Бас хатшысы , Жаһандық жасыл өсу институтының президенті Пан Ги Мун, Қазақстаның мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Ұлыбританияның бұрыңғы Премьер –министрі Тони Блэр,ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мами,ҚР Парламенті Сенаты жанындағы сенатролар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова және саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.
Халықаралық жиынға қатысушылар 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күннің еліміз үшін орны ерекше екенін атап өтті. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.
«Нұрсұлтан Назарбаев: Жаһандық деігейдегі саясаткер» атты халықаралық конференцияға АҚШ –тың бұрыңғы бұрыңғы мемлекеттік хатшысы Райс Кондолиза бейнежолдау жолдады.
«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Ол мемлекет басшысы ретінде,халқына көп еңбек сіңірді. Осы уақыт аралығында Қазақстанның әлем елдері арасында беделі артып, ішкі даму сатыларында да талай биіктерді бағындырғанын білеміз. Бірқатар халықаралық ұйымдарға жетекшілік етті, ауқымды іс-шараларды абыроймен атқарып шықты. Қазақстан – ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет»,– деді Кондолиза Райс.