Фото: lada.kz
Түркияның Ақтаудағы бас консулдығы зілзаладан зардап шеккендерге қаржылай көмек жіберуге ниеттілер үшін арнайы шот ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының тұрғындары өздерінің көмектерін барынша тигізіп жатыр. Қол созғысы келетін жандарға, киім мен гигиеналық құралдарды қазіргі таңда жеткізу қиынға соғуы мүмкін екенін айтқым келеді. Себебі, зілзаладан соң көптеген жол қирап, әуе қатынастары жабылған. Жиналған гуманитарлық көмекті шекарадан өткізу екі есе қымбатқа шықпақ. Сондықтан, көмек көрсеткісі келетін азаматтарға қаржылай аударым жасаған тиімдірек екенін жеткізгім келеді", - дейді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Сабри Альптекин.
Айтуынша, бауырлас түркі еліндегі апатқа байланысты қаржылық және материалдық көмек науқаны өңірде 7 ақпаннан басталған. Ал, 8 ақпан күні Түркияның Ақтаудағы бас консулдығында көңіл айту кітабы ашылды. Өңір азаматтары бауырлас халықтың қайғысына ортақтасып, көңіл білдіріп жатыр.
Ал, қаржылай көмек жіберу үшін арнайы шот ашылған: 5354 5700 2979 2895 карта номеріне және KZ43885102870D1ZLV00 (SWIFT CODE: KZIBKZKA) мемлекеттік арнайы шот номеріне жолдауға болады.