Биылғы жылдың басынан бері еліміздің әуе және темір жол көлігі нысандарында қоғамдық орындарда жолаушылардың мазасын алғаны үшін 81 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
«Оның ішінде 15-і заңсыз такси жүргізушісі бар», - деп мәлімдеді Көліктегі Полиция департаменті бастығының орынбасары Абзал Жұматаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Нұр-сұлтан станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде қоғамдық орындарда мас күйде азаматтарға тису фактісін анықтады.
«Тексеру кезінде көлік полицейлері теміржол вокзалының бірінші қабатында жеке тасымалдау қызметін ұсыну мақсатында, келген жолаушылардың мазасын алып, тиіскен ер адамды анықтап, ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі, яғни, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды»,- деді А.Жұматаев.
«Жалпы ортақ пайдаланатын орындарды ластау, қоғамдық орындарда мас күйде жүру, қаңғыбастық және басқа да осыған ұқсас тәртіп бұзу фактілерін анықтау мақсатында Департаменттің желілік бөліністерімен барлық әуе және теміржол вокзалдары, перрондар, жолаушылар поездары келу және кету кезеңінде, сондай-ақ жүру жолында тексеру жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасуда»,- деді полиция полковнигі.
Оның сөзіне қарағанда, Көлік полициясы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігіне сәйкес, алғашқы әкімшілік құқық бұзушылық үшін ескерту жасауға не жеке тұлғаларға 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін заңсыз әрекетін қайталаса,ҚР ӘҚБтК 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салуға немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынады;
ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі бойынша алғаш рет жасалған осындай құқық бұзушылық үшін ескерту жасауға не жеке тұлғаларға 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады;
Шетелдіктер үшін мұндай құқық бұзушылық үшін қамауға алынып, не ҚР-ның шегінен әкімшілік жолмен шығарылады.