Көкшетауда атыс болды, полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
«Пушкин көшесінің Абай және Әуелбеков көшелері аралығы, яғни The Beze, «Мясорубка» дәмханасы тұсы қоршалған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, атыс болған», - делінген жазбада.
Осы оқиға бойынша облыстық Полиция департаменті де жауап берді.
«Қазіргі кезде, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, мән-жай анықталуда», - деп жауап берді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына департаменттен.