06 нау, 2023 сағат 11:04

Қоғамдық орында былапыт сөз айтқандарға салынатын айыппұл мөлшері өсті

Фото: gov.kz

Қазақстанда қоғамдық орындарда былапыт сөз айтқандарға (ұсақ бұзақылық) салынатын айыппұл төрт есе өсті. 6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Енді былапыт сөздер үшін айыппұл мөлшері - 69 000 теңге (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу.

Еске салайық, түзетулер алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Президент түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойған болатын.