19 нау, 2022 сағат 15:23

Қоғам белсендісі «AMANAT» пен «Adal» партияларының бірігу себебін түсіндірді


Қоғам белсендісі, «AMANAT» партиясының мүшесі Самат Нұртаза «Adal» партиясының «AMANAT-қа» бірігуінің себебін өзінше түсіндіріп көрді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Nur Otan партиясының атауы мен жұмыс істеу форматы өзгергеннен кейін оған оппонент болып келген «Adal» бірігуге бірден келіскен.

«Партия трансформацияға ұшырап жатыр. Барлығы өзгеріп, бұрынғы формат өзгеріп, жаңа стиль пайда болып, заманауи бағыт айқындалғандай. 

Менің ойымша “Адал” партиясының “Аманат” партиясының қатарына кіруі, осы өзгерген ребрендингке, өзгерген бағытқа байланысты болды. Бұрын “Адал” қарсы болып жүрсе, бүгін “Аманат” партиясының либералды-демократиялық құндылықтарын көріп, қосылуға шешім қабылдады», - дейді Самат Нұртаза.

Оның пікірінше, қазір халықтың «AMANAT» партиясына деген көзқарасы өзгеріп, сенімі артқан.

Айта кетейік, осы уақытта Алматыда «AMANAT» партиясының ұймдастыруымен митинг өтіп жатыр. Жиын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда жариялаған саяси реформаларын қолдауға арналған.