19 шіл, 2022 сағат 14:37

ҚМДБ өкілі Желіде тараған видеоға қатысты жауап берді


Желіде ерлерге арналған костюм туралы айтқан ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода ер адам костюм-шалбардың тарихын қарау керегін айтады.

"Еркектер бар костюм-шалбар киетін. Костюм-шалбар киетін еркектер, сіздер біліңіздер, костюм-шалбардың тарихын қараңыздар, ізденіңіздер. Ол кезінде "голубойдың" киімі болған. Артында ұзын сызық болады, білесіздер ме? Соны тігіп тастап, екі жақ қырынан жыртып, тіктіріп алыңыздар", - дейді видеодағы адам.

Пікір білдірушілер арасында "бұл кім" деп сұрағандар да табылған. ҚМДБ өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"ҚМДБ қызмет жүйесінде мұндай адам жұмыс істемейді. Яғни, имам қызметіне қатысы жоқ. Қазір ғана ресми мәлімет алынды. Пікір білдіруші азаматтарды имамдар туралы байсалды пікір жазуға шақырамын", - деді Ағабек Қонарбайұлы.

Сондай-ақ, Пәтуа бөлімінің өкілі ерлерге арналған киім үлгісі туралы түсіндірді.

"Құрани Кәрімде Алла Тағала былай дейді: "Уа Адамның үрім бұтағы! Сендерге ұятты жерлерінді жабатын һәм кигенде өздеріңді көрікті ететін киім түсірдік" (Ағраф сүресі 26 аят). Бұл аяттан түсінетініміз - әуретімізді жабатын киім түсіруі. Яғни әуретімізді жабатын киім киюге зәруміз. Екінші, адам баласын әсемдеп тұратын киімді түсіруі, яғни басқа адамдар қарағанда көрікті болып, киім киюді кемелдікке жетуіміз үшін түсірген. 

Ер адамның киім кию шарттары: әуретті жерлерін жабуы керек және киіміне қарағанда әуреті көрінетіндей жұқа болмауы керек. Киімінде жібек немесе алтын болмауы қажет. Сонымен қатар, әйелдердің киіміне ұқсамауы керек. Яғни дәл әйелдер киетін киімдердей болмауы ләзім. Жалпы костюм-шалбарға тыйым жоқ. Әр мемлекеттің өздеріне тән жергілікті киім үлгілері болады. Соны сақтап, әдептілік шеңберінен шықпаса болғаны", - деді ол.