14 қаз, 2020 сағат 07:10

Халықтан 90 млн теңге жымқырған тараздық алаяқ әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

Тараз тұрғыны қазақстандықтардан 90 млн теңге жымқырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тараздың 40 жастағы тұрғыны алаяқтық жасау арқылы азаматтарға 90 миллион теңгеден астам мөлшерде залал келтірілгені үшін айыпталды, онда іс бойынша бірнеше адам зардап шегуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Әйел жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдармен байланысы бар екенін айтып мақтана отырып, өзін қадағалау органдарының бірінің қызметкері ретінде көрсеткен және кез келген заңды мәселені ақылы түрде шешуге уәде берген. Сенімді көрінген ханымның ықпалына түскен адамдар оған ақшасын берді. Жәбірленушілердің бірін ол екі жылға жуық алдап келген. Бұл ретте осы уақыт ішінде одан 41 миллион теңге алып үлгерді. Оның үстіне, ол жалғыз емес, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен бірге әрекет еткен» делінген ведомство хабарламасында. 

К үдіктінің іс-әрекетінің бұлтартпас дәлелдемелерін жинаған тергеушілердің нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында кінәсін мойындамағанына қарамастан, қылмыстық іс сотқа жіберілді. 

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін әйел мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.