Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі, ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 миллион 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған", - делінген хабарламада.