көрнекі сурет
Батыс Қазақстан облысында "Қазпошта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері 37 миллион теңгеден аса қаржы жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
"ҚМА БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесі екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау фактісін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған.
Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдар аралығында құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн. теңгедан астам қаражатын иемденіп алған" - делінген хабарламада.
Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.