27 сәу, 2022 сағат 14:56

Қазір бізде «тиіспеушілік» құқығына ие ешкім жоқ – Мәжіліс төрағасы


Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов БАҚ өкілдерінің Алматыдағы «Алтын орда базарының» тағдыры туралы сұраққа берген жауабында елімізде «тиіспеушілік» құқығына ие адам жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең біріншіден, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың Алматыдағы «Алтын орда» базары туралы сұхбатын көрген жоқпын. Алтын орда базарына қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Меніңше, әділетті шешім шығады. Күту керек. Менің ойымша, қазір дербес құқығы бар, «тиіспеушілік» құқығына ие ешкім жоқ. Сол себепті базардың бастығы немесе жетекшісі болсын, қылмыс жасаса, ол тиісті жазасын алады», - деді Мәжіліс спикері.