Фото: liter.kz
Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ақпаратты Amanat партиясының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Терещенко Сергей Александрович 1951 жылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін, Ресей ҒА Экономика институтын бітірген.
Еңбек жолын Шымкент облысының Түлкібас ауданына қарасты Куйбышев атындағы кеңшарда бас инженер болып бастаған.
Ол Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Президентінің орынбасары, Қазақ КСР президенттік кеңесінің мүшесі болған. Одақ бөлек ҚР Шетел инвестициясы ұлттық агенттігінің төрағасы және Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұлттық комисияның төрағасы қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар 1991 жылды қазаны мен 1994 жылдың қазаны аралығында Қазақстан Республикасының бірінші Премьер-Министрі болып еңбек етті.
Саясаттағы қызметінен кейін Сергей Терещенко кәсіпкерлікпен айналысқан. Ел үшін жаңа өндіріс орындарын ашып, шаруашылықтар мен су электр станцияларын салған. Ол 2022 жылғы Forbes рейтингінде Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің қатарына енген.
Айта кетейік, бұрынғы саясаткер Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген. Ұлты - украиналық.