08 сәу, 2022 сағат 12:46

Қазақстанның Моңғолия мен Қытайдағы елшілері тағайындалды


Қазақстанның Моңғолия мен Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Бұған дейін Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.