ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қатан Байытов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте коммуналдық-тұрмыстық сектордың және тұрғындардың қазір көмірмен қамтамасыз етілуі жағдайын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
А.ж. 30 қазанындағы шұғыл деректер бойынша 89 млн тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98%-ды құрайды.
Осы кезеңде елдің ішкі нарығына көмірді жеткізу 61 млн тоннаны құрады, оның ішінде:
- энергия өндіруші кәсіпорындарға 46,0 млн тонна көмір тиелді;
- өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір тиелді;
- коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 9,1 млн тонна көмір тиелді.
Жылыту маусымының басталуы алдында жергілікті атқарушы органдар 2019-2020 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімінің қажеттілігі жоспарын жасады. Есеп бойынша биыл 10,5 млн тонна көмір тұтыну жоспарланған. Оның ішінде 2,7 млн тоннасы - коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге, 7,7 — тұрғындардың тұтынуына.
Министрлік апта сайын Жоспардың орындалуы мен көмірмен қамтылуға мониторинг жүргізеді.
А.ж. 30 қазандағы жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық сектор жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен 92,2%-ға, тұрғындар - 76,1%-ға қамтамасыз етілген.
Ақтөбе, Жамбыл, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізудің жылдық кестесін толық қамтамасыз етті.
Қанат Байытов Ақмола облысында «Идеал-Трейд» ЖШС трейдерінің Шұбаркөл көмірін жеткізуге келісімшартты орындамауына қатысты жағдай бойынша түсінік берді. Оның айтуынша, мәселе шешілген, көмір жоспар бойынша екі ауысымды режимде тиелуде. Биыл 25 қазан мен 30 қазан аралығында «Идеал-Трейд» ЖШС өтінімдері бойынша 14 вагон немесе 950 тонна көмірдің Ақтөбе облысына тиелуі жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, Шұбаркөл разрезінде көмірдің өз бетімен әкетуге өткізу қабілетін арттыру мақсатында қосымша таразы іске қосылды, бұл тұрғындар үшін тиеуді арттыруға мүмкіндік берді.
«Разрез бүйірінде көмірді өз бетімен тасымалдау кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша кезек 50-60 жүк машиналарын құрайды. Бүгінгі күні өз бетімен тасымалдаудың жалпы көлемі тәулігіне 3600 тоннаны құрайды», — деді комитет төрағасы.
Сонымен қатар, ол теміржол тасымалымен тиеу жеткізушілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылатынын айтты.
Қаражыра разрезінде өз бетімен тасымалдауда тиеу көлемі тәулігіне шамамен 1600 тонанны құрайды. Көмірді өз бетімен тасымалдауға кезекте 30-35 жүк машинасы бар. Сонымен қатар, көмір тиеуді арттыру үшін «Қаражыра» АҚ өнімділігі жоғары жаңа техника сатып алды: әрқайсының жүк көтергіштігі 220 тоннаны құрайтын 6 карьер самосвалын, 2 экскаватор (шөміш көлемі 23 м3), бұл көмір тиеу көлемін 8 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
«Майкөбен-Вест» ЖШС-ында өз бетімен тасымалдауда тиеу көлемі тәулігіне 2500 тоннаны құрайды. Көмірді өз бетімен тасымалдауға кезекте 20-30 жүк машинасы бар. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрыпты көмір тиеуін арттыру үшін «Майкөбен-Вест» ЖШС импорттық кен байыту жабдығын сатып алды.
«Богатырь» разрезінде өз бетімен тасымалдауда тиеу көлемі тәулігіне 1500 тоннаны құрайды. Көмірді өз бетімен тасымалдауға кезекте 20-25 жүк машинасы бар. Теміржол тасымалы бойынша тиеу жеткізушілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.