Бүгін Қазақстанның ішкі істер органдарына 9900 адам жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ жедел штабының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Сондай-ақ ондағы деректерге қарағанда, Тараз қаласында Ұлттық Ұланның және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің қатысуымен жедел іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері «Макаров» тапаншасын (1 бірлік), тапаншаға арналған патрондары жоқ оқсауыттар, бронежилетті (1 дана), «ТОЗ 35» пневматикалық тапаншасын тәркіледі.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.