Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамы туралы деректер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жобасын жариялады. Құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы деректер көрсетілген.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адам болған, оның ішінде ең көп пайызы:
- қазақтар - 69,03 пайыз;
- орыстар - 18,47 пайыз;
- өзбектер - 3,29 пайыз;
- ұйғырлар - 1,5 пайыз;
- украиндар - 1,3 пайыз;
- татарлар - 1,06 пайыз;
- немістер - 0,92 пайыз;
- түріктер - 0,61 пайыз;
- корейлер - 0,57 пайыз;
- әзербайжандар - 0,61 пайыз;
- дүнгендер - 0,40 пайыз;
- белорустар - 0,26 пайыз;
- тәжіктер - 0,27 пайыз;
- күрдтер - 0,25 пайыз;
- шешендер - 0,18 пайыз;
- поляктар - 0,15 пайыз;
- башқұрттар - 0,09 пайыз;
- басқа этнос өкілдері - 1,04 пайыз.
Жалпы, 2018-2020 жылдарға арналған халық санының статистикасы ел тұрғындарының тұрақты өсу тенденциясын көрсететіні айтылған. Соңғы үш жылда Қазақстан халқының саны 2,6 пайызға өсті.
898 рет оқылды