14 сәу, 2021 сағат 07:57

Қазақстанның бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Қазақстанның сегіз өңірі әлі де "қызыл" аймақта, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан өңірлеріндегі 14 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Қостанай және Түркістан облыстары.