ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус бойынша еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
29 сәуірдегі мәлімет бойынша:
«Қызыл аймақта» – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.
«Сары аймақта» – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары тұр.
«Жасыл аймаққа» – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
Айта кетейік, 28 сәуір күні коронавирус ахуалын бағалау матрицасында Маңғыстау облысы «қызыл» аймақта орналасқан болатын.