04 мам, 2021 сағат 10:30

Қазақстанның 9 өңірі «қызыл аймақта» тұр


Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

4 мамырдағы мәлімет бойынша:

«Қызыл аймақта» – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл облыстары орналасқан. 

«Сары аймақта» – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстары тұр.

«Жасыл аймаққа» – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. 

Еске салсақ, 3 мамырда «сары» аймақта болған Жамбыл облысы «қызылға» өтті.