14 жел, 2020 сағат 08:22

Қазақстанға шет елден ПТР анықтамасыз 481 жолаушы келген

Елімізге келген авиажолаушылардың 82%-дан астамында ПТР анықтамасы болған деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 734 әуе жолаушының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 253 адам, анықтамасыз 481 адам келді. Олардың барлығы ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 639 жолаушы, анықтамамен - 1 402, анықтамасыз - 237;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 059 жолаушы, анықтамамен - 815; анықтамасыз - 244;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 30 жолаушы анықтамамен келген.

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырды және карантиндік стационарда нәтиже шыққанша күтті.