Сәуір айында елімізде 1 миллионннан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қарағанды медициналық фармацевтика кешенінде 600 мың доза шығарылатын болады. Бұл осы уақытқа дейін жасалған келісімшарт аясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қосымша қажет екпеге байланысты «Спутник V» вакцинасын өндірушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.
Айта кетейік, 2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары.