Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті экономикалық контрабандамен айналысқан шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз орталығына сілтеме жасап.
"Шетел азаматы жалған құжаттарды өтірік транзит схемасымен Қазақстан аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелген", - делінген хабарламада.,
Күдікті Әзербайжаннан Ауғанстанға, Қазақстан бойынша Маңғыстау облысының Құрық теңіз портынан Жамбыл облысына дейін транзитке жалған мәлімделген темекісі бар жүк көлігін жүргізген.