Жыл соңына дейін Қаржы министрлігі жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің деректерін электрондық форматта алуға мүмкіндік беретін сервисті іске қосады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі V Республикалық кәсіпкерлер форумында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
"Азаматтарға да, бизнеске де қатысты процестер бар. Мысалы, жұмысқа қабылдау. Біздің анықтамаларымыз миллиондаған рет берілетіні белгілі болды. Олардың артынан адамдар ХҚКО-ға немесе eGov-қа келеді. Жұмыс берушілер сотталмағандығы туралы анықтаманы, психо-және наркодиспансерлерден анықтаманы, мекенжайды растауды талап етеді. Біз жыл соңына дейін, қазірдің өзінде сынақтан өткізіп жатырмыз, адамға бұл анықтамаларды ешқайда алып жүрудің қажеті жоқ кезде қызмет көрсетеміз", - деді Бағдат Мусин.
Министрдің айтуынша, жұмыс беруші жұмысқа орналасу үшін әлеуетті қызметкер туралы деректерді сұратып, ЖСН енгізуі қажет. Содан кейін лауазымға үміткерге жұмыс берушіге бұл деректерді электрондық форматта беруге дайын екендігі туралы SMS келеді.
"Егер ол "ОК" деп жауап берсе, онда біз бұл ақпаратты жұмыс берушіге деректер базасынан жүктейміз. Яғни жұмыс берушілер мен ХҚКО арасында жүру тоқтатылады", - деп түйіндеді Мусин.
Сондай-ақ министр қазір әлемнің 23 еліндегі кез келген қазақстандық неке қиюға немесе бұзуға, тууды, қайтыс болуды және атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге құжаттарды "eGov.kz" портал арқылы беруге болатынын айтты.
"Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп инвестициялық климатты дамыту бойынша жұмыс жүргізудеміз. Осылайша, шетелде азаматтарға қызмет көрсетіліп қана қоймай, шетелдіктер үшін бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл пандемия кезіндегі жұмыстың нәтижесі. Мысалы, егер шетелдік азамат біздің елде өз бизнесін ашқысы келсе, оған тиісті құжаттарды тапсырғаннан кейін ЭЦҚ және ЖСН беріледі. Осылайша, елге келмей - ақ бизнес ашуға болады", - деді министр.
Қазіргі уақытта бұл функция барлық елшіліктерде бейінді ведомствомен бірлесіп енгізіліп жатыр. Яғни, елдер тізімі кеңейеді. Келешекте бұл қатарда басқа да елдер болуы мүмкін.
Қазақстанда барлық мемлекеттік қызметтер 2025 жылға қарай онлайн-форматқа көшіріледі. Тиісті мақсаттар "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жаңа редакциясында көзделген.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100 проценті онлайн форматқа көшеді. Цифрландыру саласына инвестициялар көлемін 500 миллиард теңгеге дейін жетеді. IT және электрондық өнеркәсіп экспортының көлемін 200 миллиард теңгеге дейін жеткізу, 1 мыңнан астам жаңа инновациялық компаниялар құру және 100 мың IT-мамандарды даярлауға ықпал ету жоспарланған.
Қойылған міндетті шешу шеңберінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, АКТ саласының мамандары және бизнес-қоғамдастық өкілдері "Цифрлық Қазақстан" жаңартылған жобасының 10 басым бағытын әзірледі.
Олар әлеуметтік қатынастар саласын цифрландыруды, энергетика мен өнеркәсіпке арналған "Индустрия 4.0" технологиялық платформасын, AgriTech және Govtech технологиялық платформаларын құруды, сапалы АКТ инфрақұрылымын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, Smart city технологиялық платформасын іске асыруды, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған цифрлық құралдарды, FinTech және электрондық сауданы, жасанды интеллектті дамытуды және инновациялық экожүйені құруды қамтиды.
Соның нәтижесінде Қазақстанда халыққа қызмет көрсету саласында өзгеріс болып, халық толықтай ақпаратты онлайн форматта алатын дәрежеге жетеді. Алайда бұл толықтай халыққа қызмет көрсету орталығы жабылады дегенді білдірмейді.
Себебі ХҚКО-ға келетін адамдар бар, оларға бүгін анықтама алу немесе кеңес алу қажет, бір минутқа "жай ғана сұрау" үшін келеді. Министрдің сөзінше, ХҚКО-ға алдын ала кезекке тұрып келу тәртібі сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, Жыл соңына дейін Қаржы министрлігі жұмыс берушіге жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің деректерін электрондық форматта алуға мүмкіндік беретін сервисті іске қосады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі V Республикалық кәсіпкерлер форумында цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жұмыс беруші жұмысқа орналасу үшін әлеуетті қызметкер туралы деректерді сұратып, ЖСН енгізуі қажет. Содан кейін лауазымға үміткерге жұмыс берушіге бұл деректерді электрондық форматта беруге дайын екендігі туралы SMS келеді.