«Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінің құпия мәліметтері тағы да әлеуметтік желіге тарады. Осыған орай «Даму» ақпараттық технологиялар компаниясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Даму» ақпараттық технологиялар компаниясы атынан заңды авторизацияланған пайдаланушылар ғана кіре алатын "Damumed" медициналық ақпараттық жүйесінен тұлғалардың құпия мәліметтерін қамтитын ақпараттардың тарағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта біз қолданыстағы заңнамаларға, атап айтқанда ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі «Құпия мәліметтер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу» 79-бабына және ҚР Қылмыстық кодексінің «Ақпараттарға, ақпараттық жүйелерге немесе телекоммуникациялар желісіне заңсыз ену» 205-бабы мен «Ақпаратқа заңсыз иелік ету» 208-бабына сәйкес тыңғылықты тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына беруге материал дайындап жатырмыз», - деп атап өтеді компания Facebook-тегі ресми парақшасында.
Компанияның мәліметінше, Facebook-те скриншоттардың жариялануына еш алаңдаудың қажеті жоқ. Медициналық мәліметтер тек авторизацияланған тұлғаларға ғана қолжетімді. Ал әлеуметтік желіге таралған мәліметтер заңсыз жолмен алынған және олардың әрекеттеріне жоғарыда аталған қылмыстық заңнама нормаларына сай баға беріледі.