Фото: ©РИА Новости
Қазақстандықтар Түркияға көмекке 90 мың доллар жинады. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасының азаматтарына қаражат жинауға арналған шотқа қазақстандықтардан 90 мың доллар (40 миллион теңгеден аса. - еск.) түсті", - деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте.
Елші Түркияны қолдаған Қазақстан халқына алғысын білдірді.
"Біз Қазақстан мемлекеттік билігінің осындай қолдау көрсетіп, дереу көмек көрсету шараларын қолға алғанына өте қуаныштымыз. Қарапайым азаматтар да өз мүмкіндіктеріне қарай үндеу қабылдап, Түркиядағы елшілік пен бас консулдыққа гуманитарлық көмекке заттарды әкеле бастады. Қазақстан халқы қаржылай көмек көрсетуге дайын. Олар зардап шеккендерге жіберу үшін қаражат жинауға шот ашуға кірісті", - деді ол.
Қазақстандағы Түркия елшілігі берген шот деректемелері:
- Қазақстандық Зираат банк KZI Bank.
- Карта нөмірі: 5354 5700 2979 2895.
- Шот нөмірі: KZ43885102870D1ZLV00.
- SWIFT коды: KZIBKZKA.
Ақшаны жеке және корпоративтік шоттардан комиссиясыз аударуға болады.