14 сәу, 2021 сағат 12:55

Қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша уақыт сақталады?

ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья қазақстандық вакцинадан кейін антидене қанша мерзім сақталатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикерге «Спутник-V» вакцинасы ағзаға вирусты екі жылға дейін жолатпайды. Яғни, екі жыл бойы антидене қалыптасады деп жатыр. Ал «QAZVAC» күші қанша уақытқа жетеді?» деген сұрақ қойылды. 

«Спутник-V» екі жыл иммундық жауапты ұстап тұруы үшін екі жыл бойы оны тексеру керек. Бүгінгі күні бұл зерттеулердің жүргізілгеніне тек қана бір жыл болды. Сондықтан, оны нақты айту қиын. Біздің вакцинамыз туралы толық ақпаратты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталған соң айта аламыз. Дегенмен ең басында ғалымдардың өзі вакцина салған сәттен бері тоғыз ай өтті. Тоғыз айдың ішінде иммундық жауап жоғары болып тұр», - деп жауап берді К. Закария Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.